Қарауылқожа Бабажанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Қарауылқожа Бабажанов (туған-өлген жылы белгісіз ) — Бөкей ордасының старшыны (19 ғасырдың1-жартысы), ірі жер иесі, саудагер, Жәңгір ханның қайын атасы.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Орынбор, Орал және Астрахан қалаларындағы кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатып, Бөкей ордасында жәрмеңкелер өткізуді ұйымдастырып тұрған. Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы Г.Ф. Генспен жақын қарым-қатынаста болған. Оның мәлімет беруі бойынша Генс қазақтарға қатысты бірқатар тарихи аңыздарды жазып алған. 1833 жылы Каспий теңізі маңындағы қазақтардың старшыны, ру басы болып тағайындалды. 1834 жылы Астраханда теңіз жағалауын қол астындағы халыққа жалға беру жөнінде князь Н.Б. Юсуповтың және графиня А.А. Безбородконың іс басқарушыларымен тәуелді шарт жасасты. Жалға берілген Жер үшін алынатын алым-салықты жинауда бұқара халыққа зорлық-зомбылық көрсетті. Оның шабындық жерлерді тартып алуы халық наразылығын туғызды. Бұл Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің (1836 — 1938) шығуына алып келді. Бабажанов көтерілісті басуға белсене қатысты.<ref>Шахматов В.Ф., Внутренняя орда и восстание Исатая Тайманова, А.-А., 1946; Рязанов А.Ф., Восстание Исатая Тайманова (1836 — 1838), А.-А., 1991; кен жеалиев И., Исатай-Махамбет. А., 1991.</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қарауылқожа Бабажанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}