Қарасақал батыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қарасақал, Қарахан, Шона (шамамен 1705 — 1749) - батыр. Шыққан тегі белгісіз. Алдымен И.Кириллов бастаған Орынбор экспедициясына қарсы шықты Башқұртстанның Ресейге қосылуына қарсы бағытталған 1740 жылы башқұрт көтерілісінің жетекшісі. Көтеріліс талқандалғаннан кейін Қара Ертіс жағына өтеді. Қазақ даласына келіп, Орта Жүзді паналады. Мұнда Қазыбек бидің қамқорлығымен қазақ даласынан саяси баспана табады. Қаз дауысты Қазыбек бидің, Қаракерей Қабанбайдың қол астындағы руларды паналап, өзінің саяси күресін жалғастырды. Сол кездегі қалыптасқан жағдайды шебер пайдалана отырып, өзін «жоңғар қонтайшысы Қалдан Цереннің інісі Шонамын» деп жариялады. Қазақ еріктілерінен кұралған жасақтарды бастап, жоңғарларға, орыс бекіністеріне, қарақалпақтарға жиі- жиі жорық жасап тұрды. Өмірінің соңына дейін қазақ жерінде тұрған. Белгісіз жағдайда қазаға ұшыраған.<ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қарасақал батыр|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}