Қаракемер қалашығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қаракемер қалашығы - ортағасырлық қалашық.

Қалашықтың табылуы

Жамбыл ауданы Қаракемер ауылынан 2 км оңтүстік-батыста. Оны 1938 жылы Жетісу археологиялық экспедициясы ашты. 1978 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы, 1989 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының ҚР Тарих және мәдени ескерткіштер жинағының археологиялық экспедициясы зерттеген.

Қаланың іші

Қала орны төрт бұрышты, екі қабатты төбешік алаңнан тұрады. Үстіңгісінің биіктігі 7 м, аумағы оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 100*130 м. Оңтүстік жағында орталық қамал болған. Астыңғы төбешік - алаң биіктігі 3 м, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 60*160 м. Жобасы үшбұрыштылау келген екінші төбе де екі қабатты,трапеция пішінді. Үстіңгісінің өлшемдері: 120*30 м, биіктігі 6 м; төменгісінікі 45 - 40 м, биіктігі 2 м. Осы төбелердің айналасында мөлшері 1 км қабырға қалдығы сақталған. А.Н.Бернштамның пікірінше Қаракемер қалашығы VII - XXII ғасырлардағы Адақкес қаласы болуы мүмкін. Оның тұрғындары егін шаруашылығымеен шұғылданады.<ref> Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Аруна LTD." ЖШС, 2006. - 768 б. ISBN 9965-26-175-X </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер