Қаражігіт Баймендеұлы Апбас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қаражігіт Баймендеұлы Апбас - (1923 ж. т.), жазушы, драматург. Ұлытаудың түлегі. Қазақстан жазушылар одағының (1990), Қазақстан театр қайраткерлері одағының мүшесі, 1989).


Қазақтың мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1948). 1948-1990 жылдары Жезқазғандағы №6 мектепте мұғалім, мектеп директоры, Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің Жезқазған, Сәтбаев, Ұлытау, Жезді аудандары бойынша меншікті тілшісі, «Жезқазған туы» газетінің бөлім меңгерушісі, әрі республикалык «Ара» сатиралық журналының штаттан тыс тілшісі қызметін атқарды.

1972 жылы «Ақмоншақ» повесі мен әңгімелер жинағы, 1991 ж. «Шақпақ», «Әке дауысы» повесі мен әнгімелер кітаптары, 1993 жылы «Майқоңыр» романы, 1998 жылы «Қайран шеше» повестері мен әңгімелер жинағы, «Сәкен шырағы сөнбейді», «Баубек» трагедиялары жарық көрді. Б. Бұлқышев атындағы республикалық сыйлықтың иегері. Жезқазған қаласының құрметті азаматы (1993).<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}