Қаражиде
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қаражиде – Кіші Арал теңізінің оңтүстік-батысындағы төбе. Қызылорда облысы Арал ауданы Ақтасты ауылының оңтүстігінде 6 км жерде орналасқан. Абсолюттік Биіктігі 148 м. Батыстан шығысқа қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км шамасында. Оңтүстік бөлігі тік жарлы, қалған беткейлері жайпақ. Құмайтты топырағында шөл өсімдіктері өседі.<ref> Қазақ Энциклопедиясы </ref>
Сілтемелер
<references />