Қарабұжыр (шоқы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ҚарабұжырСарыжал жотасының солтүстігіндегі шоқы. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Бөке ауданының солтүстік-шығысында 15 км жерде орналасқан. Шар өзенінің аңғарында. Абсолюттік биіктігі 652 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай доға тәрізденіп 5 – 6 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км шамасында. Беткейі кедір-бұдырлы бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстігінде Шар бөгені, етегінде көптеген қыстаулар орналасқан. Қоңыр топырақ жамылғысында далаға тән өсімдіктер өседі. Мал жайылымына пайдаланылады.<ref> Қазақ Энциклопедиясы </ref>

Сілтемелер

<references />

Үлгі:Суретсіз мақала