Қарабаян

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ҚарабаянҚарадүлей сор алқабының оңтүстік-батысындағы төбе. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Каменное темір жол станциясының оңтүстік-шығысында 50 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 129 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 3 км-ге созылған, енді жері 1,5 км шамасында. Беткейлері жайпақ, пішіні доға тәрізді келген. Солтүстігінде Қарадүлей қонысы, шығысында Қызыластау, Қызылгүл құдықтары, оңтүстігінде Ердалы төбесі, батысында Айдарқарабас, Жасаған қоныстары орналасқан. Сортаңды сұр және тақыр тәрізді топырақ жамылғысында жусан аралас шөл өсімдіктері өседі. <ref> Қазақ Энциклопедиясы </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақала