Қарабауыр жоны
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қарабауыр Жоны – Қазақстан және Өзбекстан (Қарақалпақ республикасы) жеріндегі қыратты жон. Үстірттің оңтүстік-шығысында, Мұзбел жонына іргелес. Маңғыстау облысы Қарақия ауданында орналасқан. Биік жері – Ақмешіт тауы (290 м). Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 125 км-ге созылып жатыр. Жон сармат, әсіресе, тұзды мергель мен саз кезектесіп жататын жоғ. миоценнің ашық түсті әктастарынан түзілген. Карстық жемірілу кездеседі. Беткейінде жусан аралас бұйырғын өседі. Оңтүстік-батыс беткейінде көптеген құдықтар бар. Маусымдық жайылым. <ref> Қазақ Энциклопедиясы </ref>
Сурет:Karabaur.jpg
Қарабауыр Жоны
Сілтемелер
<references />