Қараағаш түбегі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚараағашБалқаш көлінің батыс бөлігіндегі түбек. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы №18 т. ж. жолайрығының шығысында орналасқан. Ең биік жері 380 м шамасында. Жер бедеріне төрттік кезеңінің ойпатты денудациялық жазығы тән. Онда құмдауытты төбелер кездеседі. Жер беті батыстан шығысқа қарай еңістенген. Солтүстік-батысында Ақкірме шығанағы, солтүстігінде Тайсойған, солтүстік-шығысында Ортаарал, Аяқарал аралдары орналасқан. Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында эфемерлі сұр жусан, күйреуік, баялыш, т.б. өседі. <ref> Қазақстан Энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}