Қараарша асуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тау

ҚарааршаІле Алатауындағы Қараш жотасының оңтүстік-шығысындағы асу.

Географиялық орны

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Таутүрген ауылының оңтүстік-шығысында 33 км жерде орналасқан.

Жер бедері

Ең биік жері 3400 м шамасында. Мамыр – қыркүйек айларында салт атты адам өте алады. Қараарша асуының солтүстігінен Түрген, Асы, оңтүстігінен Жіңішке өзендерінің салалары таудың биік жоталарындағы мұздықтардан бастау алады. Жатық беткейлі кең өзен аңғарлары мен жайпақ жоталар жоғары қарай біртіндеп тар аңғар, құлама беткейлі шатқалдарға ұласады.

Өсімдігі

Солтүстік беткейінде қарағай, шырша, одан жоғары альпілік шалғындар өседі.<ref> Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер