Қараапан
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қараапан – Павлодар облысы Успен ауданының оңтүстігіндегі қыстау. Аудан орталығы Успенка ауылынан оңтүстікке қарай 8 км жерде, Тобылжан көлдерінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Қыстаудың оңтүстігінде Сусар көлі жатыр. Тегіс жер бедерінің карбонатты қара топырағында бетеге, боз, жусан, т.б. шөптесіндер өскен. Қыстау арқылы Успенка – Ульяновка қара жолы өтеді. <ref>Қазақстан Энциклопедиясы</ref>
Сілтемелер
<references />