Қапыл ақша

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Елдерде валюта бағамдарынын өзгеруінен немесе кірістеріндегі айырмадан алыпсатарлық, немесе төрелік операциялардың нәтижесінде, пайда алу мақсатымен, осы елдердін бірінен екіншісіне тез аударылатын қысқа мерзімді қаражат.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

“Қапыл” ақша, “кезбе” капитал – пайда іздеу немесе сенімді бассауға табу мақсатымен несие капиталының әлемдік арналары бойынша елдер арасында өздігінен орын ауыстыратын қысқа мерзімді ақшалай капитал, яғни алыпсатарлық немесе төрешілік (арбитраждық) операциялардың нәтижесінде алынатын, валюталық бағамдардың немесе осы елдердің кірістеріндегі айырманың өзгеруінен пайда алу мақсатымен бір елден екінші елге тез аударылатын қысқа мерзімді қаражат. Негізгі себептері: елдің экономикалық және саяси тұрақсыздығы, инфляция, төлем теңгерімінің теңгерімсіздігі, валюталық дағдарыс, елдердегі валюталар бағамы мен пайыздық мөлшерлердің айырмашылығы, валюталық алып-сатарлық. Негізінен олар банкілердің, фирмалардың, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың капиталы болып келеді. “Қапыл” ақшаның тұтқиылдан ағылып келуі мен ағылып кетуі экономиканың тұрақсыздығын күшейтеді. Мемлекет оның ағылып кетуіне жол бермеу үшін валюталық шектеулер енгізеді, ал ағылып келуіне жол бермеу үшін теріс пайыздық мөлшерлеме енгізуге дейін қорғаныш шараларын қолданады. <ref>Қазақстан Энциклопедиясы, 10 том</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}