Қапал қорғандары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қапал қорғандары - тарихи-архитектуралық ескерткіштер орны. Қапал ауылының күнгей жағына орналасқан. Кейбір деректер бойынша, ол 6-7 ғ-ғы Қимақ мемлекетінің қорғаны болған. Қорғанның маңайында сол кезенде өмір сүрген тайпалардың көне зираттарының орны сакталған. 2-тобы Қапал ауданы Абай ауылынан (шығыс бағытында) 3 км жерде. Тас пен топырактан салынған қорғаңдар б.д.б. 4 ғ. мен б.д. 2 ғ-на жатады. 3-тобы Қапал ауылынан (батыс бағытында) 1,5 км жерде. Тас пен топырақтан салынған қорғандар б.д.б. 3 ғ. мен б.д. 3 ғ-на жатады деген болжам бар. 4 тобы негізі қалана бастаған (1847) Қапал ауылының айналасына Ресей патшасының әскерлері бекініс ретінде жасаған қорғандар. Қорғанның қалдықтары, оның ішінде казармалар күні бүгінге дейін сақталған. Казарма өте биік, ат үстінде отырған адам оған еркін кіре алады. 5 тобы Қапал ауылының маңындағы Қарасай сайына орналасқан қорғандар. Қорған ішіндегі Қарасай зираттары (3 топ) б.д.б. 11-9 ғ-да салынған. 6-тобы Қапал ауылының оңтүстік бағытында, 3-6 км жерде. Қорған ішіндегі Жылысай зираттары (3-топ, б.д.б. 3 ғ. мен б.д. 3 ғ-нда салынған деген болжам бар. 7-тобы Қапал ауданындағы Түлкі асуының оңтүстік-батыс жағында. Тас пен топырактан Түркі дәуірінде салынған Бұл зираттар (3 топ) б.д.б. 4-2 ғ-да салынған. 8-тобы Қапал ауылының (оңт. және оңтүстікбатыс бағытында) 4-5 км жерде. Үкілі (4 топ) және Қызыл (3-топ) зираттары б.д.б. 3 ғ. мен б.д. 4 ғ-да салынған деген болжам бар. Тас пен топырақтан жасалған үйіндінің диаметрі 30-40 м, биіктігі 1,5-3 м.

<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қапал қорғандары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}