Қапал батыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Қапал батыр (1513, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгер өңірі – 1606, Алматы облысы Ескелді ауданы Қоңыр ауылы) – Есім ханның тұсында өмір сүрген ел билеген ұлыс бегілердің бірі. Тегі Ұлы жүз дулат тайпасының жаныс руынан шыққан.

Жетісу мен Сыр бойындағы ұрыстарда қалмақтарға қарсы шайқасып, Есім ханның түменбасы болған. Ш.Уәлиханов өзінің “О киргиз-кайсацких могилах (молах) и древностях вообще” деген еңбегінде Қозы Көрпеш бейітінің маңында көптеген молалардың барын айта келе: “К числу их принадлежит могила Капал батыра, давшая названия речки и укреплению” деп көрсеткен. Ал “Материалы для статистики Туркестанского края под редакцией М.С. Саева, Вып. 1, Сиб. 1872” деген кітапта “Род жаныс, отделение капал” деген деректер келтірілген. Міне, осы мәліметтерге сүйенген белгілі тарихшы-ғалым, академик М.Қозыбаев “егер руының атын көпшілікке белгілі адамның есімінің құрметіне қойса, сол кейіпкер елдің ірі қайраткері болғаны. Демек, Қапал батыр тарихи тұлға, батыр, бір елге есімін берген ұлы баба, ел атауы аталған” деген тұжырымдама жасаған.

Қазіргі кезде Қапал батырдың есімімен Алматы облысындағы кент, белгілі шипажай, өзен, Тараз қаласындағы көше мен канал және Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы ауыл, Шымкент қаласындағы үлкен даңғыл аталады. АлматыӨскемен автомобильдық жолының “Қапаларасан” санаторийіне бұрылған жерінде Қапал батырға бюст, Шымкент қаласының ортасында үлкен ескерткіш орнатылған. 2002 ж. Қоңыр ауылындағы зиратының басына үлкен кесене тұрғызылды.<ref>Шежіре, А., 2007.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қапал батыр|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}