Қан-хорионды ұрықжолдас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қан-хорионды ұрықжолдас — адамға, маймылдарға, кейбір жәндікжегіштерге, қолқанаттыларға, кеміргіштерге тән. Алланто-хорион бүрлері жатырдың кілегейлі қабығы эпителий қабатын, одан кейінгі өзіндік тақташаны, қан тамырлары қабырғаларын бұзып өтіп, қан капиллярларының ішіндегі қанмен сыртынан тікелей жуылып жатады. Плацентаның бұл түрі ұрық пен ене организмінің тығыз байланысын қамтамасыз етеді. Туғаннан кейін, хорион бүрлерінің жатыр эндометрийі кірмелерінен ажырауы кезінде, қан капиллярларының қабырғалары бүтіндігінің бұзылуына байланысты ұрғашы жануарлар жыныс жолдарынан қанның ағуы қалыпты жағдай. Бірақ, қан тез арада тоқтайды да, жатыр эндометрийінің бұзылған қабаттары регенерация процесі арқылы жедел қалпына келеді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қан-хорионды ұрықжолдас|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}