Қанға-Баба қорымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қанға-Баба қорымы, Қаңғы-баба, Ханға-баба – көне бейіт орны. Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласынан шығысқа қарай 30 км жерде орналасқан. Қорымды 1973 жылы Қазақтың тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының экспедиция (жетекшісі М.Меңдіқұлов) толық зерттеген.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> Бұл кешен үш бөліктен тұрады. Алғашқы екеуі түрікмен және қазақ ескерткіштерінен, соңғысы бірыңғай түрікмендік кішкене белгі тастардан (құлпытастардан) жасалған. Оларға көбінесе қылыш бейнесі мен Құран аяттары қашап салынған. Қазақ құлпытастарында түрікмен құлпытастарына қарағанда нақыш көбірек, олар ою-өрнек, геом. тұрпаттармен безендірілген. Қанға-Баба қорымында төрт бұрышты көне түрікмен мешітінің қалдығы сақталған. Онда бірнеше бөлме, дұға оқитын үлкен бөлмесі болған. Төбесі күмбезделіп жабылғанға ұқсайды. Қабырғалары жалпақ тастармен көтерілген. Қанға-Баба қорымының ескерткіштерінің дәл қай уақытқа жататыны белгісіз.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}