Қаныш Сәтбаев жерлестері жадында (жинақ)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қаныш Сәтбаев жерлестері жадында - Алматыдағы «Жібек жолы» баспа үйінде 1999 жылы қазақ тілінде жарық көрген жинақ. Құрастырушы – Қаныш Сәтбаев атындағы Халықаралық қордың Павлодар бөлімшесінің директоры - О.Қожанов.

Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай жарық көрген естелік кітапта Қаныштың жерлестері, замандастары Ә.Маргұлан, Ш.Шөкин, Ә.Сағынов, Қ.Мақатов, А.Қайыпов, З.Ақышев, Қ.Cабаев, Қ. Жәмінов, Ғ.Бекжанов, О.Қожанов, К.Салықов тағы басқалары оның ғибратты өмірі, азаматтық келбеті, кісілік қадір- қасиеті жайында сыр шертіп, ой бөліседі.

Алғы сөзін жазған - Сәтбаевтанушы жазушы М.Сәрсеке. 6 фотосурет берілген. Көлемі 6,3 баспа табақ. Таралымы 1000 дана.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қаныш Сәтбаев жерлестері жадында (жинақ)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}