Қанат Ысмайылұлы Мыңжасов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қанат Ысмайылұлы Мыңжасов - 1959 жылы 2 сәуірде Петропавл қаласында туған. Қазақ. Алматы мал дәрігерлік институтын бітірген (1982), мал дәрігeрі. Мал дәрігерлік ғылымдарының кандидаты (1986), докторы (1996). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Бруцеллезге қарсы вакциналарды қолданудың нәтижелілігін арт- тырудың жолдары». Профессор (1997). моңғол жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2003), Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдар академиясының академигі (2005). Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (1999 жылдан). 1983-1986 жылдары - Қазақ мал дәрігерлік ғылыми-зерт- теу институты бруцеллез бөлімінің аспиранты. 1987-1996 жылдары - Қазақ мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институ- тының ғылыми-техникалық ақпарат бөлімінің меңгерушісі. 1997 жылдан бері - «Солтүстік Қазақстан мал шаруашы- лығы және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС бас дирек- торы. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатындағы «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі. Солтүстік Қазақстан облысының мал шаруашылығы жөніндегі аграрлық кеңес төрағасы. «Қазақстан Конституциясына Южыл», «Қазақстан Респуб- ликасындағы ғылымның дамуына сіңірген еңбегі үшін» (2006), «Сібірдің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» (РФ, 2007) медальдарымен, «Акаде- мик А.И. Бараев. Туған күніне 100 жыл» естелік медалімен, 1-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» (2007), «Ерен еңбегі үшін» (2008), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен, ҚР Құрмет грамотасымен (2001) марапатталған. Әскери атағы - аға лейтенант. Үйленген. Қызы - Айсұлу (1985 ж. т.), ұлы - Дәулет (1988 ж.т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub