Қанаттас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қанаттас - көне зираттар орны. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 60 км, Нұртай өзенінің аңғарында орналасқан. Қанаттаста 1957 жылы Орталық Қазақстан археология экспедиция (жетекшісі Ә.Х.Марғұлан) қазба жұмыстарын жүргізген.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> Зират оңтүстіктен солтүстікке қарай 100 м, батыстан шығысқа қарай 60 м алаңды алып жатыр. Қанаттаста 22 қоршау, 2 «мұртты» оба, бір мазар орналасқан. 14 тас қоршау қола дәуіріне жатады. 13 ескерткіште қазба жұмыстары жүргізілген. Тас қоршаулар тік бұрышты, төрт бұрышты және дөңгелек болып келеді. Қоршаулар негізінен пішіні төрт бұрышты гранит тақтатастардан қаланған. Мүрде көбіне тас жәшікке салынған. Қазба барысында қыш ыдыстар, садақ ұштары, сүйектен жасалған бұйымдар алынған. Басқа екі «мұртты» обада мәйіттер шұңқырларға жерленген. Олардың жанынан қыш ыдыстар, қозғалмалы темір айылбасы бар күміс тілікшелі белбеу, полихромдық тәсілмен безендірілген алтын тәж (диадема), түрлі моншақтар табылған. Алынған материалдар бұл обалардың б. з. 4–5 ғасырларына жататындығын дәлелдейді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}