Қанапия Неталиева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қанапия Неталиева (24. 4. 1925 жылы туған Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы) —тіл білімі маманы, филология ғылымы кандидаты (1963). ҚазМУ—дың филология факультетін бітірген (1949). Осы жылдан бастап құрметті еңбек демалысқа шыққанша ҚазКСР ғылым академиясының Тіл білімі институтында ғылыми, аға ғылыми қызметкер болып істеді. Профессор М. Балақаевтың жетекшілігімен "Қазіргі қазақ тіліндегі қимыл есімдері" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Қазақ тілінің орфографиялық (1963, 1978) және орфоэпиялық сөздіктерін құрастырушылардың бірі. Сөйлеу тілінің мәдениеті мәселесімен айналысып жүр.

Шығармалары:

  • Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. А., 1963 (құрастырушылардың бірі);
  • Қазақ пунктуациясының ережелері. А., 1961 (авторлардың бірі);
  • Имена действия в современном казахском языке. АКД., А., 1963;
  • Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. А., 1967 (авторлардың бірі);
  • Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. А., 1977.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}