Қанай би

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Біріктірілсін Қанай би (туған-өлген жылы белгісіз) - би, Қоқан хандығына барған елші. Қанай бидің шыққан тегі, өскен ортасы туралы деректер сақталмаған. 1858 жылы Ордабасы тауында Мұсабек батыр Қоқанның құсбегі Мырза бидің басын алғаннан кейін, жаппай толқулар болып Қоқан билеушілерінің езгісіне қарсы шыққан қазақ, қырғыздар көтерілісі бүкіл Оңтүстік Қазақстанға тарап, көтерілісшілер Созақ, Мерке бекіністері мен Шолаққорғанды басып алды. Халық қозғалысының өршуі қантөгісті көбейтеді деп қауіптенген қазақ ақсүйектері 1858 жылы шілдеде Қоқан ханы Хұдиярға Қанай,Көктіңұлы Сапақ датқа бастаған бір топ қазақ биін келіссөз жүргізуге елші етіп жіберген. Қазақ елшілері Қоқан ханымен келісімге келіп, бірқатар жеңілдіктер алды. Ташкент басқарушысы Мырзахметтің орнына ханның інісі Мұрат аталық тағайындалды.<ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Қанай би-дің шыққан тегі Қоңырат тайпасы Байлар-жандар руынан. Қанай би Сыр өңірінде туып өсіп ел билеген. Кейін датқалық дәрежеге жетіп, Көктіңұлы Сапақ датқамен бірге Қоңырат тайпасының алты ата Көктіңұлына билік айтады. Қанай биге арнап замандастары атақты ақындар Майлықожа мен Мәделіқожалар жыр-дастандар жазған. Қанай бидің ұлы Тұрлыбек болыс болған. Мұсабек батыр, Сапақ датқаның ұлы Иманберділер мен бірге Қоқан хандығына қарсы күрес жүргізді.

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қанай би|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}