Қамқа Ізімұлы Қожаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қамқа Ізімұлы Қожаев 1966 жылы 7 қазанда Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Шаруа ауылында туған.

  • Әкесі - Қожаев Ізім, марқұм, ҰОС ардагері, ұзақ жылдар бойы мал шаруашылығында жұмыс істеген. Анасы - Айғанаш Қияқбайқызы, зейнетер, үй шаруасымен айналысқан.
  • Батыс Қазақстан ауылшарушылық техникумының механика факультетін бітірген (1992).
  • 1984-1986 жылдары - Кеңес Әскері қатарында қызметте. 1988 жылдан - «Октябрьск» мұнай-газ өндірісі басқармасында оператор, газ учаскесінің шебері (Ақтөбе облысының Қандыағаш қ.). 1992 жылдан - жеке кәсіпкерлікпен айналысады. 2004 жылдан бері - «Асыл ойл» ЖШС бас директоры. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы ҰОС ардагерлеріне материалдық тұрғыда қолдау білдіріп, жанашырлық танытып келеді. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының энциклопедиясын шығаруға қаржылай қолдады, өзі оқыған мектебін соңғы үлгідегі компьтерлік техникалармен жабдықтауға көмектесті.
  • Әскери атағы - аға сержанты.Діни көзқарасы - «Ислам дінін шексіз құрметтеимім, бір Аллаға ғана сыйынамын». Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев М. Тэтчер. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақ станымызды нұрлы болашақ күтіп тұр». Хоббиі - тарихи тұлғалардың қанатты сөздерін жинау Сүйіп оқитын әдебиеті - қазақ, орыс әдебиеті.
  • Үйленген. Жұбайы - Айгүл Бекенбайқызы, педагог тәрбиеші. Ұлы - Асылбек, студент; қыздары - Мейрамгүл оқушы, Мөлдір.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}