Қамыстыәйет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Өзен Қамыстыәйет, Үлгі:Lang-ruТобыл алабындағы өзен.

Географиялық орны

Ресейдің Челябі облысы және Қазақстандағы Қостанай облысы Денисов және Таран аудандары жерімен ағады. Жалпы ұзындығы 145 км, Қазақстандағы ұзындығы 85 км.

Бастауы

Бастауын Ресейден (Қарталы ауданы жерінен) алып, Әйет өзеніне оң жағынан құяды. Өзен сағасы Аршаглы-Аят өзенінің оң жағалауынан 16 км қашықтықта орналасқан.

Гидрологиясы

Су жиналатын алабы 2990 км². Қамыстыәйеттің жалпы ұзындығы 40 км болатын 9 саласы бар. Орта ағысындағы өзен арнасының жағалаулары жарқабақты тік келген, Әйет өзеніне құяр тұста арнасы кеңейіп, жайылма құрайды. Өзеннің суы қарашаның 2-жартысында қатып, сәуірдің 1-онкүндігінде ериді. Суын шаруашылыққа пайдаланады.<ref>Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім</ref>

Су реестрінің мәліметтері

Ресей мемлекеттік су тізілімінің мәліметі бойынша Ертіс су алабы өңіріне жатады, өзеннің сушаруашылық бөлігі — Тобыл өзені бастауынан Увелька өзенін қоспағанда, Үй өзенінің құйылысына дейін. Өзен саласы — Тобыл, өзен алабы — Ертіс<ref name='Ресей МСР'/>.

Ресей су ресурстары федералды агенттігі дайындаған РФ территориясын сушаруашылығы бойынша аудандастыру жөніндегі геоақпараттық жүйе мәліметтері бойынша<ref name='Ресей МСР'>Үлгі:Cite web</ref>:

  • Мемлекеттік су реестріндегі су объектісінің коды — 14010500212111200000454
  • Гидрологиялық тұрғыдан зерттелу (ГЗ) коды — 111200045
  • Су алабының коды — 14.01.05.002
  • ГЗ томының нөмірі — 11
  • ГЗ бойынша шығарылуы — 2

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер