Қамбар Атабаев
Қамбар Атабаев (25.8.1947 ж., Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Амангелді|Амангелді ауылы) – тарих ғылым докторы (2000), профессор (2002).
ҚазПИ-дің (1971, қазіргі ҚазҰПУ) тарих ф-тін бітірген. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса орта мектебінде мұғалім (1971–74), қазіргі Тараз мемлекеттік университетінде оқытушы (1977–84), қазіргі ҚазҰПУ (1984–89) мен ҚазҰУ-да (1989–93) доцент, сондай-ақ соңғы ун-тте кафедра меңгерушісі (1998–2002) қызметтерін атқарған.
«Мерзімді басылым Қазақстан тарихының дерек көзі (1870–1918 ж.)» деген тақырыпта доктор диссертациясын қорғады. Ол ғылыми еңбектерінде деректанудың қазақ тіліндегі ұғымдары мен терминдерін жасап, ұлттық төл деректердің ерекшеліктерін анықтауға қомақты үлес қосты. Қамбар деректануға арналған бірқатар еңбектердің («Деректанудың теориялық мәселелері», 1999; «Қазақстан тарихының деректанулық негіздері», 2002, т.б.) авторы.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>