Қамаудағы адам синдромы
«Қамаудағы адам» синдромы (изоляция синдромы, оқшаулану синдромы, деэфферентация синдромы) (Үлгі:Lang-en) — науқастың тетраплегия және бульбарлы, мимикалық және шайнау бұлшық еттерінің параличінің салдарынан сыртқы, сондай-ақ ауыз-екі стимулдарға жауап реакциясының болмауымен сипатталатын синдром.
Синдром кезінде сөйлеу қабілетінің толықтай жоғалуы (афазия), сана мен сезімталдық толығымен сақталған паралич байқалады. Бұл жағдайда сыртқы ортамен көзді жыпылықтату және қозғалту арқылы тілдесуге болады. «Қамаудағы адам» синдромымен ұзақ уақыт бойы ауырған науқаста көз арқылы жеткілікті түрде ауқымды ақпаратты жеткізу қабілеті пайда боуы мүмкін.
Синдромның туындауының себептерінің бірі: ми сабауының инфарктісі, ортаңғы ми негізінің инфарктісі, миға қан құйылу, ми көпірінің миелинолизі, Гийен-Барре синдромы, полиомиелит, миастения, пароксизмальді миоплегия, кейбір улар.
Кейде медицина қызметкерлері бұл синдроммен ауыратын науқасқа кома деген диагноз қойып, науқас алдында білместен науқастың мүмкін өлімі жайлы талқылауының нәтижесінде науқас психологиялық зақым алуы мүмкін.
Қызықты мәліметтер
Америкалық медицина жанрындағы «Дәрігер Хаус» атты фильмнің 5 маусымының «Қамауда» (Үлгі:Lang-en) деген 19 бөлімінде Дәрігер Хаус алғашқыда науқасқа осы диагнозды қояды. Сол арқылы Хаус науқасты бұрыс диагноз қойған дәрігерден алып кетіп, бұл жұмысты өз қолына алады. Соңында Хаус науқасқа Лептоспироз деген диагноз қояды.