Қалқа Жапсарбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қалқа Жапсарбаев - 1886 жылы Талдықорған облысы, Киров ауданы, Карл Маркс атындағы колхозда туған. Қосшылар одағында, аудандық үжымшар, кеңшар театрында, мәдени-үгіт бригадаларында жүмыс істеді (19381945), «Қалқаның әні», «Қалқаның желдірмесі», «Жайқоңыр» әндерін шығарды. Ертеректе Әжек, Қүрама, Омарбек, Қайрақбай тәрізді ақындармен танысқан.

Шығармашылығы

Ұлы Отан соғысының түсы және одан кейінгі жылдар да Кенен, Үмбетәлі, Қуат, Ес дәулет, Иманжан секілді замандастарымен өнер жарыстырды. Өлең-жырларымен қатар, «Орақ батыр», «Дана қыз», «Қарлығаш пен Дәуіт», «Түрымбет туралы аңыз», «Партизан Шаймерден», «Мүсабек Сеңгірбаев» дастандары бар.

«Жайқоңыр» (1959), «Таңдамалылар» (1962), «Жетісу жырлары» (1970) жинақтарында топтастырылады. «Мүсабек батыр» дастаны 1951 жылы жеке кітап болып басылды.

Жетістіктері

«Қүрмет Белгісі» орденімен (1945) марапатталған. 1961 жылы «Қазақ КСР-інің халық ақыны» құрметті атағы берілген.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}