Қалқан-Щит (газет)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Қалқан-Щит» - газет, Қазақстан Республикасының ішкі әскерлерініц әскери апталығы. 1961 жылы қыркүйектен шыға бастады. Бұрынғы атаулары — «На боевом посту» және «Дзержинец». Ұзақ уақыт бойы жабық басылым болды, «Бөлімнен шығарылмасын» деген белгі қойылып отырды. Қазақ және орыс тілдерінде шығады. Газеттің құрылымында әскери қызмет және әзірлік, әлеуметтік - тұрмыстық мәселелер, хат-хабар және бұқаралық жұмыс бөлімдері бар. ҚР ІІМ ІӘ тыныс-тіршілігін жазады. Әуелі Алматы қаласында шыққан, қазір Астана қаласында шығуын жалғастырып жатқан ашық басылым. Апталық газет редакциясы қосалқы «Бүркіт» журналын шығарып тұрады. Газетке 1992 жылдардан полковник В.Ю.Фрайденберг, полковник С.Қ.Көшімбаев басшылық етті. Қазір редакторы подполковник С.Жұбатов. <ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қалқан-Щит (газет)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}