Қалқанша без фолликулы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қалқанша без фолликулы — пішіні мен мөлшері әртүрлі, қалқанша безі паренхимасын құрайтын көпіршік. Қалыпты жағдайда фолликул қабырғасын бірқабатты текше (куб) тәрізді эпителий құрайды. Эпителиоциттер тироксин және трийодтиронин гормондарын бөледі. Қалқанша без қызметі күшейген кезде (гиперфункция) фолликул қабырғасындағы эпителиоциттер биіктеп, бірқабатты призма тәрізді эпителийге, ал азық құрамындағы йодтың жетіспеуіне сәйкес без қызметінің төмендеуіне байланысты эпителиоциттер аласаланып, бірқабатты жалпақ эпителийге айналады. Қалқанша без фолликулы қабырғасында кейде жекеленген парафолликулалы жасушалар кездеседі.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub

cs:Folikul de:Follikel en:Follicle es:Folículo fr:Follicule he:זקיק io:Folikulo it:Follicolo pt:Folículo ru:Фолликул sl:Folikel