Қалқай Ишан

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қалқай Ишан, Қалмұхамед Маралұлы (1815, Сыр мен Торғай өңірі – 1870, Қармақшы өңірі) – діни қайраткер. Марал ишанның үлкен баласы. Әкесінен діни тағылым алып, кейін Бұхара мен Бағдат қалаларындағы діни медреселерде оқып, білімін толықтырған. Қалқай ишан мешіт, медресе салып, жастарға мұсылмандық білім берумен қатар, елді егіншілікке үйреткен. Шығыс қиссаларын жатқа білген. Шығыс дастандарының кейбір үлгілерінің Қалқай ишан жинаған жазбалары да бар. С.Мұқановтың «Аққан жұлдыз», «Мөлдір махаббат» кітаптарында Қалқай ишан туралы деректер кездеседі. Ел арасында Қалқай ишан жайындағы аңыз әңгімелер мен жырлар көп сақталған. Үлгі:Суретсіз мақала

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub