Қалыңдық ойнау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚАЛЫҢДЫҚ ОЙНАУ – тұрмыстық рәсім. Дәстүрлі қазақ салтында айттырылған қалыңдық пен оның болашақ күйеуі ұрын барып танысқанға дейін бірін-бірі көруге, кездесуге рұқсат етілмеген. Күйеу баланың қалыңдығымен ресми кездесуін – “ұрын келу”, осыған орай ұйымдастырылған той-думан – “ұрын той” деп аталады. Осы рәсімнен кейін күйеу жігіттің қалыңдығымен кездесіп тұруына ешкім кедергі келтірмейді. Болашақ күйеудің Қ. о-ға келуін қалыңдықтың туған-туыстары көрсе де көрмеген, білсе де білмеген рай танытады. Жастардың кездесулерін ұйымдастырған қыз жеңгелері күйеу жігіттен арнайы сыйлықтар алып, жастарды оңаша қалдырады. Бұл түні күйеу мен қалыңдықтың еркін сырласуына мүмкіндік жасалады, бірақ олар одан әрі жақындаса алмайды. Таң атар-атпастан, атасы мен енесі оянғанға дейін, күйеу өз үйіне кетуге тиіс. Қ. о. кезінде жастар ақ некелі түнге дейін абыройын сақтап, адалдықтың ала жібін аттап өтпеген.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қалыңдық ойнау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}