Қалыбай Тасқұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қалыбай Тасқұлов (15.8. 1922 жылы т., Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Асықата кенті) - 2-дүниежүз. соғысқа қатысушы, барлаушы. Қалыбай 1942 жылдың қаңтарынан 65-армия 69-атқыштар дивизиясы 120-атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы 15 қазанда Днепр өзенінен (Украина, Чернигов облысы Репки ауданы Радуль кентінің маңы) алғашқы өткен десантшы-жауынгерлер тобының құрамында көрсеткен ерлігі үшін Тасқұловқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (30.10.1943). 1944 жылы кіші л-ттар курсын бітірді. Соғыстан кейін туған ауылында еңбек етті. Кейіннен Өзбекстан Респ. Ташкент облысы Бостандық ауданы Чахчам селосында тұрды. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қалыбай Тасқұлов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}