Қалтқысыз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қалтқысыз. Түсіндірме сөздіктегі мағынасы — күмәнсіз, кәміл, сезіксіз, шүбәсіз, бүкпесіз, адал. «Ғазиз жүректер бір-біріне қалтқысыз сенді» (С. Досанов, Қыран.). Ертедегі түркі жазба ескерткіштерінің дерегіне қарағанда бұл сөздің тұлғасы мен мағынасы аз да болса, өзгеріске ұшыраған. Онда дыбыстық құрамы «қалысыз» қалпында да, мағынасы — қалдықсыз, тұтас, толық, әбден дегендерді білдіреді (ДТС, 412, 413). Басқа түркі тілдерінен бүл тұлғалы әрі мағыналы сөзді тек түрікмен тілінен кездестіреміз. Онда гаты — әбден (Рус.-туркм. сл., 1956, 717). Қазақ тіліндегіге қарағанда мынаның тұлғасы көне түркі тілдегіге ұқсас. Айырмасы —«л» орнына «т» қолданылып -сыз жұрнағының түсіп қалуы мен т ~ л дыбыстарының сәйкес келуінде ғана.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}