Қалмұқан Исабаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қалмұқан Исабай (25 тамыз 1925 жыл Павлодар облысы Баянауыл - 4 желтоқсан 2015 жыл Алматы) жазушы. Прощай, Қалекен аға

Өмірбаяны

  • 1943 жылдың қаңтарында 10 сынып партасынан Совет Армиясы қатарына шақырылады да, одан 1954 жылдың күзінде запасқа шығады. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
  • 1954— 1955 оқу жылында Алматы қаласының кешкі жастар мектебінде 10 сыныпты бітірісімен, Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетіне сырттай түсіп, оны 1961 жылы бітіріп шығады.
  • «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер болып істеген.

Шығармашылығы

  • «Баян» атты әңгімесі 1954 жылы «Әдебиет және искусство» («Жұлдыз») журналына жарияланған.
  • Ертіс — Қарағанды каналының жобасымен танысып, 1961 жылы болашақ су жолы жүретін жерлермен 500 километр жаяу сапар шегіп, нәтижесінде «Арман арнасымен» атты күнделік кітабы жарық көрді.
  • Он екі жыл бойы құрылыстың басы-қасында болып:
    • «По руслу мечты»
    • «Подвиг в степи»
    • «На стыке судеб»
    • «Сұңқар самғауы» атты кітаптар, жүзден астам проблемалық очерктер мен мақалалар жазды.

Шығармалары

  • Баян. Әңгімелер. А., ҚМ КӨБ, 1959;
  • Ажал құрсауында. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1961;
  • Жұмбақ үй. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1962;
  • Арман арнасымен. Күнделік. А., ҚМКӘБ, 1962;
  • Бетпе-бет. Роман. А., ҚМКӘБ,
  • 1963; По руслу мечты. Очерк. А., «Казахстан»; Қарабала. Повесть. «Жазушы», 1965;
  • Подвиг в степи. Очерк. А., «Казахстан», 1966;
  • Сұңқар самғауы. Роман. »Жазу-шы», 1966;
  • Айқыз. Роман. А, «Жазушы», 1967;
  • Соңғы тәулік. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1960;
  • Соңғы ерлік. Повесть. А., «Жазушы», 1971;
  • Өткелде. Роман. А., «Жазушы», 1972;
  • Жолдас комендант. Роман. А., «Жазушы», 1982;
  • Арна. Роман. А., «Жазушы», 1984;
  • Соңғы тәсіл. Жинақ. «Жазушы», 1997;
  • Зарок, Айқыз. Романдар. М., «Худ./Іит.», 1989;
  • Бақытты сәттер. Естелік. »Жалын», 1989; Шоң би. Роман. »Жазушы», 1993;
  • Чайки в степи. Повесть. (Экологиялық толғау) «Қазақстан», 1994;
  • Қажыға барған қазақтар. Зерттеу. «Ана тілі», 1996;
  • Комендант. Роман. «Жазушы», 1998;
  • Қаныш аға осындай еді. Зерттеу «Өлке», 1999;
  • Жанашыр жазбалары. Зерттеу. «Аударма», 2002;
  • Мұндайлар болған. Жинақ. «Елорда», 2003;
  • Шоң би. Трилогия. Астана. «Елорда», 2005;
  • Алғы шепте. Жинақ. А., «Санат», 2005;
  • Шен-шекпен алған қазақтар. Очерк. 2007.

Қоғамдық қызметі

  • 1992 жылы Павлодар облысындағы Ермак қаласына қойылған басқыншы атаманның ескерткішін алуға, қала атын Ақсу деп өзгертуге атсалысты.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
  • 1979 ж. 22 шілдеде Германиядағы Габельбах қаласындағы Гете музейіне неміс ақынының адамзат пен табиғат тұтастығын көркем бейнелеген әлемге әйгілі «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңінің Абай аударған нұсқасы жазылған ескерткіш тақта орнатты. Бұл өлеңге қазақ ақыны шығарған кең тынысты, нәзік әуенді ән жазылған магнитофон таспасын, әннің нотасын сыйға тартты. 1980 ж. 13 маусымда Исабаев өзі салған Абайдың портретін және қақпағына орыс және неміс тілдерінде: «Гетенің Азиядағы тұңғыш аудармашысы, ақын және композитор «Түнгі кезбе» өлеңіне арналған әуенін осындай ұлт аспабының сүйемелдеуімен шығарған» деген сөз жазылған домбыраны осы музейге табыс етті. ГДР газеттері Тюрингияда шырқалған Абай әнін жыл сайын 60 мыңдай адамның тыңдайтынын жазды. Жазушының бастамасымен 2000 жылы Берлиннің бір көшесіне Абай аты берілді.
  • Сондай-ақ, Исабаев мерзімдік баспасөзде жоғарыдағы жолсапарлары туралы «Ильминауға тағы да жол түскенде» (Қазақ әдебиеті, 1980, 13 маусым), «Ұлылықпен жарасар тек ұлылық»(Білім және еңбек, №5, 1986) және Абай мен Е. П. Михаэлистің шынайы достығы жайында «Михаэлис зиратының басында» (Қазақ әдебиеті, 1984, 2 қараша) атты мақалалар жазды.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Марапаттары

  • Драматургия саласында «Десант» атты комедиясы Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің 1984 жылғы конкурсында жүлдеге ие болған.
  • Қызыл Жұлдыз (1945)
  • Еңбек Қызыл Ту (1975)
  • «Құрмет» ордені
  • ГДР-дің Герман — Совет достығы қоғамының алтын белгісімен (1983)
  • көптеген медальдармен марапатталған.
  • Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005).<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}