Қалмырзаев Әмзе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қалмырзаев Әмзе - 1953 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының Сарығаш ауданында туған. Шымкент педагогика институтынын филология факультетін бітірген. Сарығаш аудандық "Қызыл ту" (1983—1986), облыстық "Оңтүстік Қазақстан" газеттері (1986-1988) редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы Оңтүстік Қазақстан облысаралық бөлімшесінде (1988— 1989) әдеби кеңесші болды және жас ақын-жазушылардың республикалық "Игілік" қауымдастығының президенті (1989-1990), "Қасиет" баспасы төрағасы (1991) қызметтерін атқарып келеді <ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

1983 жылы республикалық "Жігер" фестивалі лауреатын ("Көкпар" өлеңі үшін), "Гүлдесте" поэмасы 1985 жылы Қазақстан Жазушылар одағының жабық бәйгесін, 1987 жылы Қазақстан Ленин комсомолы және Республикалық кітап саудасы істері жөніндегі комитеті мен "Жалын" баспасы бірігіп жариялаған жабық бәйгесін жеңіп алған. 1998 жылғы Мәскеудегі Бүкілодақтық жас акын-жазушылар кеңесіне Қазақстаннан делегат болып қатысқан. 1989 жылы тәуелсіз "Ақтолғай" газетінің, 1991 жылы қазақ, өзбек, тәжік, қырғыз, түрікмен тілдеріндегі "Наурыз" газетінің редакторы. Туындылары республикалық мерзімдік баспасөзде 1980 жылдан жарияланып келеді.

Шығармалары: Қарлығаш. Өлеңдер. "Жалын " 1983; Арыңды жасыңнан сақта. Әңгімелер. А., "Жалын", 1984; Күн таңы. Өлеңдер, поэмалар. А., "Жалын", 1987; Бастау. Триптих, поэмалар. А., ".Жалын ", 1988; Наурыз жырлары. Ән-өлеңдер, ұжымдық жинақ. А., "Жазушы", 1990; Мен сені көргелі. Әңгімелері. А., "Рауан ", 1991; Арман қуып адассам, кешір мені... Өлеңдер, поэмалар, А., Рауан", 1991; Адуын ағыстар. Өлеңдер, поэмалар. 1991., "Қасиет", 1992; Ойдың күші. Әдеби толғаныстар. 1991., "Қасиет ", 1993; Ауыс адам жасырған құпия. Философиялық әңгімелер. Ш., "Қасиет", 1994. Тайна чокнутого. Рассказы. 1994., "Қасиет". 1995; Эхо Казыгурта. Коллективный сборник. 1995., "Қасиет", 1995; "Көз аясындағы дүние ", Будапешт қаласынан, "Түркістан" әңгімелер жинағы. Ш., "Қасиет ".

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}