Қалкен Шәкенұлы Әділшінов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әділшінов Қалкен Шәкенұлы (15.10.1913 Павлодар облысы Баянауыл ауданы - 23.5.1980 Алматы) - актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1945). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1932 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ академиялық драма театрының актері қызметін атқарған. 1935 ж. осы театрдың студиясын режесеры М.Г.Иасоновтың жетекшілігімен бітірген. Ол оқып жүрген кезінде-ақ театр спектакльдеріне қатысып ойнады. Таңдаулы рольдері қатарында Науан хазірет, Жатық (Ғ.Мүсіреповтің "Ақын трагедиясы" мен "Қозы Көрпеш - Баян сұлуында"), Көбей (Әуезовтің "Еңлік Кебегінде"), Мирон (Ә.Әбішевтің "Достық пен махаббатында"), Семенов-Тянь-Шаньский (С.Мұқановтың "Шоқан Уәлихановында"), Михайлов, Жиренше (Әуезов пен Л.С. Соболевтің "Абайында"), Айдар (Ә.Тәжібаевтың "Той болардасында"), Қатай (С.Жүнісовтің "Ажар мен ажалында"), Сқапен (Ж.Б. Мольердің "Сқапеннің айласында"), Бақин (А.Н. Островскийдің "Таланттылар мен табынушыларында"), т.б. бар. Әділшінов өзі ойнайтын ролінің әлеуметтік, тұрмыстық, психологиялық жағына ден қоюмен қатар, оның мінез-кейпін әсерлеп көрсететін өткір мінезді актер болатын. 1958 ж. Мәскеу қаласыннда өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1956 жылдан киноға түскен. Қызыл Жұлдыз және "Құрмет белгісі" орденімен, медальдарымен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}