Қали Байжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қали Байжанов (1877, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 27.9.1966, Қарағанды) — әнші, Қазақстанның халық артисі (1945). Байжановтың әншілік дарыны ерте оянып, ауыл арасында “әнші бала” атанған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref> Ата-анасынан ерте айырылып, жоқшылық көріп өскен. Он бесінде кірешілерге ілесіп Қоянды жәрмеңкесіне барған жас әнші талай әншілер мен күйшілердің өнерін тамашалайды. Біржан салдың ән салғанын көріп, Жаяу Мұсаның өз ауызынан “Хау-лау”, “Гауһар қыз”, “Сапар” және “Ақ сиса” әнін үйренеді. Байжанов ұлы Абайдың алдында да ән салған. Кемеңгер ақын жас әншінің өнеріне риза болған. Байжановтың әншілік жолына бағыт-бағдар беріп баулыған, өзіндік ән айту мәнерін қалыптастырған Арқа еліне атағы жайылған Жарылғапберді Жұмабайұлы болды. Байжанов Қозыкенің “Топайкөк”, Шама Нұрұлының “Шама”, Ақан серінің “Сырымбет”, “Құлагер”, Біржан салдың “Жанбота”, Бүркітбайдың “Ақбет” әндерімен қоса “Ардақ”, т.б. халық әндерін де асқан шеберлікпен орындаған. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан (1936). 1932 жылдан өмірінің соңына дейін Қарағанды радиокомитетінде хор артисі және әнші болып қызмет атқарды. Әншілер З. Жұбатова, Ж. Қартабаева, М. Ержанов, Ж. Елебеков, Қ. Лекеров, М. Толыбаев, Р. Ыбыраев, т.б. Байжановтың ән айту өнерінен көп тағылым алған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қали Байжанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}