Қалихан Қалиасқарұлы Алтынбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Алтынбаев Қалихан Қалиасқарұлы(1927 ж. т.) – айтыс ақыны. Республикалық айтыстардың жеңімпазы.


Дала-бесік (1973), Қиял қанатында (1985), Қалбатау (1997) жыр жинақтары жарық көрген. Қойбағар, Тепек, Мамай батыр, Барақ шыққан бауырында, Ақырғы айқас, т.б. тарихи дастандары бар.

Оның ұлттық мәдениет тарихы, Абай мен Мұхтар, белгілі ақындар мен жыраулар туралы, қазақтың атбегілік, балуандық өнері туралы ғылыми-көпшілік, этногра-фиялық мақалалары, ру-тайпалар туралы шежірелері облыстық, республикалық баспасөз бетінде жарияланған. Қ.Алтынбаевтың суырып-салма ақындық өнеріне С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Е.Ысмайылов, М.Қаратаевтар жоғары баға берген.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала