Қалиолла Саматұлы Ахметжан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қалиолла Саматұлы Ахметжан

1949 жылы 6 сәуірде Ақмола облысы Алексеевка ауданы Өрнек ауылында туған. Қазақ.

И.Е.Репин атындағы сәулет және мүсін, кескіндеме институтының кескіндеме факультетін бітірген, (1977), кескіндемеші-суретші.

Тарих ғылымдарының кандидаты (2003). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақтың дәстүрлі жасақтары: генезис, құрылым, ұлттық мәдени қызметі (тарихи-экологиялық зерттеу)».

«Жараған темір кигендер (батырлардың қару-жарағы,әскери өнері, салт-дәстүрлері)» (1996) монографиясының, сонымен қатар 70-ден астам ғылыми, ғылыми-танымдық мақалалардың авторы.

Суретші және этнограф-қару-жарақ зерттеушісі. Қазақтардың дәстүрлі қарулану шежіресі бойынша білікті маман. Ең белгілі жұмыстарының бірі - «Қырау».

Чехословакия, Эстония, Оңтүстік Корея, Германия көрмелерінде жұмыстары көрсетілген. 1995 жылы - Кино үйі,1997 жылы - ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында жеке көрме.

Кино үйінде (1995), ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында (1997) жеке көрмелерін өткізген.

Жұмыстары Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының, ҚР Мемлекеттік орталық муражайының, ҚР Президенттік мәдени орталығының, Невзоров атындағы Семей өнер мұражайының қорларында; ҚР Президентінің резиденциясында, Кутаиси қаласының картиналар галереясында (Грузия), Қазақстан, Англия, АҚШ, Швеция, Пәкістан,Германия жеке коллекцияларында сақталуда.

Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1977 жылдан - Ө.Тансықбаев атындағы Алматы көркемсурет колледжінің арнайы тәртіп оқытушысы. 1996-2000 жылдары - ҚР Мемлекеттік орталық мұражайының этнология бөлімінде аға ғылыми қызметкер. 1996-1998 жылдары - қосымша ҚР ҒА М.Әуезов атындағы Өнер және әдебиет институтының көркемөнер бөлімінде аға ғылыми қызметкер. 2000 жылдан - ҚР Президенті мәдени орталығы қалпына келтіру бөлімінің меңгерушісі (Астана қаласы).2004 жылдан бері - ҚР Президенттік мәдени орталығының кеңесшісі (Астана қаласы).

ҚР Суретшілер одағы хатшылығына сайланған.

КСРО, ҚР Суретшілер одағының, ҚР Көркемөнер академиясының мүшесі.

I «Жігер» Жастар шығармашылығы фестиваліне (1979),көптеген топтық, қалалық, республикалық және шетел көрмелеріне қатысқан.«Ана тілі» газеті сыйлығының лауреаты (1992). «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен, ҚР Көркемөнер академиясының алтын медалімен (2006) марапатталған.

Мәдениет қайраткері.

Сүйіп оқитын әдебиеті - шығыс әдебиеті, поэзия, философия, тарих.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Елімізде экономикалық, табиғи байлықтар, адам күші жеткілікті болғандықтан экономикалық және рухани өркендеу».

Үйленген. Жұбайы - Ахметжанова Райгүл (1955 жылы туған ), қолданбалы-суретші, интерьер-дизайнері. Ұлы - Алау (1981 жылы туған ).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub