Қалила мен Димна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қалила мен Димна - араб-парсы тілдерінде жазылған әдеби ескерткіш. Түп төркіні 3-4 ғасырда құрастырылған үнді тіліндегі "Панчатантра" дидактикалық мысал-ертегілер жинағынан тараса да, әлемге араб, парсы тілдрі арқылы жайылған. "Қалила мен Димна" - дидактикалық шығарма. Мұнда негізінен патшалардың мінез-құлқы, өмір сүрген ортасы, алыс-жақындарымен қарым-қатынасы, сондай-ақ достық, тәрбие, оқушыларға өнеге боларлық толып жатқан мораль мәселесіне қатысты жәйттар сөз болады. Жинақтағы кез келген әңгіме жан-жануарлар атынан баяндалады. Автор өзінің айтайын деген ойын тек қана жан-жануарлар сөзімен жеткізе отырып, әрбір оқиға айтылып болған соң қорытынды жасайды, оны белгілі бір нақыл сөзбен түйіндейді. 6 ғ-да парсы, 4-14 ғасырларда араб, грек, көне славян, испан, көне еврей, латын, неміс, ағылшын, француз тілдерінде, 1762 жылы орыс тіліне аударылды. Революциядан бұрын қазақ ақындары "Қалила мен Димнаның" оқиғалық сарынын өз шығармаларында өзек етіп жырлаған. Сәбит Дөнентаев "Бит пен Бүрге", "Бір көлдегі үш балық" мысал әңгімелерін өлеңмен аударып, өзінің "Уақ-түйек" жинағында жариялады. "Қалила мен Димнаны" С. Талжанов 1962 жылы қазақ тіліне аударды. <ref>Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер