Қалибек Рақымбекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қалибек Рақымбекұлы (1908, ҚХР, Жайыр тауы - 16.11.1985, Салихлы, Түркия) — Шыңжаң қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі. 1933 жылы Қызыл өзен деген жерде қазақ ұлтшылдарының құпия ұйымын құрұға қатысқан. Осы саяси қызметі үшін 1 млн. Қытай ақшасы көлемінде үкіметке айып төлеп, кейін 18 ай түрмеге жабылды. 1940-46 жылы Манас аймағына келіп, халықты көтеріліске шақырды, өз жасағымен Қытай әскерлеріне шабуыл жасап, Сауан ауданын азат етті де 1946 жылы сол ауданның әкімі болып тағайындалды. Сол жылы Шығыс Түркістан үкіметі «Халық қаһарманы» атағын берді. Шығыс Түркістан коммунистердің қуыршақ үкіметі екендігіне көзі жеткен Қалибек оған бағынудан бас тартып, 1947 жылы Сауан халқын бастап, Еренқабырға тауына көшті. Қазан айында үкімет әскерлерінен қорғану үшін 600 адамдық жасақ құрды. Үрімшідегі қаржы министрі Жанымхан арқылы Чан Кайчи үкіметімен тіл табысып, 8-қазақ атты әскер полкін ұйымдастырды. Бірақ Кеңес Одағының көмегіне сүйенген Шығыс Түркістан үкіметі әскерлеріне төтеп бере алмай, Наншан тауына шегінді. Осы жерде ұйғырлармен, дүнген генералымен, Үрімшідегі АҚШ консулы Пакстонмен және Алтайдағы Оспан батырмен байланыс орнатты. 1951 жылы 1 ақпанда Қытай коммунистерінің тұтқиыл шабуылынан шегінген ол 200 отбасыны бастап Такламакан шөлін кесіп өтіп, Тибет пен Гималай арқылы 1952 жылдың аяғында Үндістанның Кашмир аймағына келді. Осындағы АҚШ елшілігі арқылы БҰҰ-мен байланыс орнатып, Түркияға баруға рұқсат алған соң, 200 түтіннен қалған 124 адамды 1954 жылы 29 шілдеде Стамбул қаласына бастап келді.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қалибек Рақымбекұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}