Қалжыңбас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қалжыңбас. Әзілқой, күлдірғіш адам. «Тәкежан Абайдан екі жас үлкен, қалжыңбас, әзілқой болатын» (Мұхтар Омарханұлы Әуезов, Абай). Сөздің екі түбірден біріккені сырт көзге де анық. Алғашқы түбір — қалжың, екіншісі — бас. Бірінші түбірдін, төркіні түркі-Моңғол, әсіресе, қазақ пен Моңғол тілдеріне ортақ деп қарарлық деректен құр алақан емеспіз. Біздеғі «қалжың» түлғасьіна сәйкес Моңғолдарда «хөгжөөнтэй», «хошин» сөздерінің алғашқысы — әзілқой, соңғысы — қалжың мағыналарында қолданылады (Қаз.-мон. сөз., 1977, 42, 174). Бұл көрсетілген мағыналар олардың алғашқы мағынасы емес екендігі де байқалады. Моңғолдарда алғашқы тұлғаның түбірі — «хөгжәөн» қазақ тіліндегі «қуаныш», «көңілді» дегенді ұғындырады (бұл да сонда, 158, 192). Ойын-күлкі, әзілдің тек көқілді адамдар арасында болатынын ескерсек, сөздің алғашқы мағынасы — қуанышты, көңілді де, ал әуелгі тұлғасы — «хөгжәөн» деген лазым. Сөз түркі тілдерінен Моңғолдарға немесе керісінше ауысты ма, әлде әуелден ортақ па бұл арасын кесіп айту қиын. Қалайда «қалжың» мен «хөгжөөн» тұлғаларының бірінің бірі дыбыстық өзгеріске түскен түрлері екені даусыз деп ойлаймыз.

Ал біріккен сөздің екінші сыңары —«бас» сөзін тек кейбір түркі тілінен ғана кездестіреміз. Тува тілінде біздегі «әзіл» мағынасын —«бастак», ал «әзілқой адам» дегенді —«баштак кижи» сөз тіркесі ұғындырады.

Осыларды қорыта айтқанда, «қалжыңбас» сөзі — түркі, Моңғол тілдеріндегі екі сөз тіркесінен (хөгжөөн + -һбаштак) қысқара келіп пайда болған деп ойымызды доғаруға да болар еді. Бірақ тағы бір тіл дерегі оған ырық беретін емес. Парсы тілінде «кәчәләкбази» сөзі — ақымақтану, ақмақтың ісін қылу дегенге нүсқаса, «кәджбаз»— арам ойыншы, шулер, алдамшы адам мағыналарында қолданылады (Пер.-рус., сл., 1983, II, 314, 312). Әсіресе соңғы, «кәджбаз» сөзінің тұлғасы мен мағынасы біздегі «қалжыңбасқа» өте жуық. Мүның езі кездейсоқ сәйкестік пе, әлде түркі, Моңғол тілдерінен ауысты ма, бүл арасын анықтау оңай емес. Өйткені парсы тіліндегі «кәджбаз» тұлғасын да екі түбірдің қысқара келіп, бірігуінен пайда болған деуге дәлел баршылық: «кәдж»— қисық, қыңыр (Пер.-рус., 1980, II, 311); «бозбаз»—күлдіргіш (скоморох) (сонда, I, 205). Ал «кәчәләкбази» сөзінің алғашқы сыңары: «кәчәләк» та парсы тілінде жеке сөз қалпында қолданылып — қуыршақ, қуыршақ адам мағынасын иеленеді (сонда, II, 314). Бүл да — адамды күлдірудің бір жолы.

Өз шамалауымыз бойынша, «қалжыңбас» сөзі түркі, Моңғол тобындағы тілдер негізінде пайда болған тәрізді.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}