Қалдық мұнаймен қанығу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қалдық мұнаймен қанығу

  1. Қойнауқаттан мұнайды өндіріп алғаннан кейін сол қойнауқатта қалған қалдық мұнаймен тоғытылған ашық кеуектердің қойнауқат көлеміндегі бүкіл кеуектерге деген өзіндік үлесімен есептелетін шама. Қалдық мұнаймен қанығу мөлшерінің (8) жинауыш-жыныстардың мұнай беру көрсеткішімен (у) өзара байланысы (8 = Лм (1 - у) теңдеуі арқылы өрнектеледі, мұндағы Лм — мұнаймен қанығу көрсеткіші. Қалдық мұнаймен қанығу мөлшері кеннің өндірістік (игеріліп алынатын) қорын есептеуге мүмкіндік береді, оның шамасы мұнай құрамының, жинауыштың түріне, қойнауқаттың энергия қорына және кенді игеру режиміне тәуелді. Қайталамалы әдістер көмегімен мұнай өндіру (қойнауқат ішілік жану, мұнайды ыстық бумен ығыстыру, мұнайды жоғарғы қысымдарда еріген газдармен ығыстыру, т.с.с. әдістер) қалдық мұнаймен қанығу көрсеткішін азайтуға бағытталған.
  2. Суға негізделген жуғыштау сұйығын пайдалана отырып, бұрғыланған ұңғымадан көтерілген тасбаған үлгісінің мұнаймен қанығу дәрежесі.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қалдық мұнаймен қанығу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}