Қалба кеніштері
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қалба кеніштері – қола дәуіріндегі қалайы кентасын өндіретін ежелгі кен орындары. Кеніштер Ертіс өзеннің жоғарғы ағысында (Батыс Алтай аймағында) орналасқан. Құрамында қалайы кентасының негізгі минералы – касситеритті желілі кенінің 30-ға жуық орны бар. Кен орындары Қалба және Нарын жоталарында, солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 км-ге созылып жатыр. Тау қазындыларының пішіні – саңылау (үңгі) тәрізді, ең ұзын саңылау 400 м-ге жуық (Чуд кен орны), ең тереңі 70 м-ге жетеді (Қырықшұрық кен орны), орташа тереңдігі 2 – 10 м. Бұл аймақта кен өндіру жұмыстары б.з.б. 1 – 2-мыңжылдықтың 2-жартысында жүргізілген. Бастапқыда жер бетінің жоғарғы қабатын «шашудан» тұрды. Оған әр түрлі құрал-саймандарды (тас балға, қола қайла, жануарлардың мүйізінен жасалған құралдар, т.б.) пайдаланған. Кейіннен кеніш жұмыстарына шағын ағаш бекітпелер мен кентіректерді (Ұрымқай кенінде, тереңд. 28 м) пайдаланды. Бағам бойынша Қалба кеніштеріндегі барлық кен орындарынан 130 т-ға жуық касситеритті қалайы өндірілген. Кен орындары Қазақстан және т.б. көршілес аудандарда соңғы қола дәуірінде өмір сүрген тайпалардың қалайы өндірудегі маңызды көзі болып саналған.<ref>Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім</ref>
Сілтемелер
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қалба кеніштері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}