Қалбағайлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қалбағайлы. Тарихын, төркінін іздестіріп отырған басқа сөздерден «қалбағайлы» сөзінің бір ерекшелігі қазақ тілінде тіпті қолданылмайды десе де болады. Оны біз тек Абай өлеңдерінде, онда да бір рет қана ұшыратамыз: «Кең сауырлы, тар мықын, қалбағайлы, Алды-арты бірдей келсе- ерге жайлы». 10 томдық түсіндірме сөздікте «қалбағайлы» сөзінің мағынасына «кең жаялы» деп түсінік берсе, 1968 жылы шыққан «Абай тілі сөздігінде»—«мықын сүйегі шығыңқы» сияқты анықтама берген. Енді осы сөз мағынасына берілген түсініктерге зер сала, сәл тоқтап етейік. Түсіндірме сөздікте мағына ажыратқан автордың «қалбағайдың» «жаямен» синоним болатындығын қайдан білгеніне таң қаласың. Өйткені мүндай сөз оған түрмыста кездесіп кәрген емес қой? Ал «Абай тілі сөздігіндегі» анықтама ақынның суреттеуіне тіпті қарама-қарсы. Абай өз өлеңінде «тар мықын» деп отырса, «қалбағайлы» сөзінің мағынасын ашушы автор «мықын сүйегі шығыңқы»-мен түсіндіреді. Егер «мықын сүйегі шығыңқы» болса, ақын айтып отырған «тар мықын» жайына қалмай ма?! Сөз мағынасын анықтауда, ең болмай барз жатса, айналасындағы сөздермен сәйкестіре, салыстыра қарап шешім қабылдау жөн ғой деп ой- лаймыз. Біз өз міндетімізге көшейік. Түркі тілдері және соларға жақын моңғол, тунгуоманьчжур тобындағы тілдер дерегіне көңіл аударғанда мына жағдайларды байқадық. Э. К. Пекарский түзген якут тілінің сөздігінде «халбыгалах» тұлғасына «мал санындағы жұмырланған үлкен бұлшық ет» деген түсінік береді (Э. Пек., СЯЯ, 1959, III, 3263). Тува тілінде біздегі «бүлтиып, бөлектену» мағынасын «халтығыр» түлғасы түсіндіреді (Рус.- тув. сл., 1980, 349). Ең соңында, моңғол тіліңде: «галбиртай» сөзі қазақ . тіліндегі «мүсінді» мағынасын береді (Қаз.-мон. сөз., 1977, 223). Бұлтиып бөлек шығып тұратын бұлшық етті якутша —«халбыгалах» десе, бұл дененің мүсінді болуының алғы шарты. Ал «мүсінді» сезінің мағынасын моңғолдарда «галбиртай» тұлғасы берсе, осы тұлғалар түбіріне қазақтар өздеріне тиісті жұрнақты жалғап «қалбағайлы» сөзін тудырған деуге мүмкіндік мол. Сөйтіп, Абай өлеңіндегі «қалбағайлы» сөзінің мағынасын қазіргі түрғыдан түсіигіміз келсе, «бұлшық етті, әрі кетсе, «мүсінді» деп ұғынған жөн.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}