Қала халқын шетке ығыстыру
Қала халқын шетке ығыстыру (Субурбанизация) — қала халқын қоныс аударту және қала орталығынан кәсіпорындарды қала маңына көшіру. Қала халқын шетке ығыстыру әсіресе 1960-80 жылдары Париж, Монреал, Осака және Стокгольм қалаларында көп болды. Қолайсыз орта қала халқын шетке ығыстыру процесіне негізгі себепші болады. Кейде қала халқын шетке ығыстыру факторларының бірі — тұрғындардың көп қабатты үйден жеке жер үйге қоныс аударуға ұмтылуы болып саналады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.
– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>
Дереккөздер
<references/>