Қаламтөбе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қаламтөбе – ежелгі қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Қоғам ауылынан оңтүстікке қарай 3,5 км жерде орналасқан.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9</ref> 1969–70 жылдары Отырар археологиялық экспедиция (жетекшісі К.Ақышев) тауып, зерттеген. Қазіргі орны екі төбеден тұрады. Үлкен төбе тік бұрышты келген. Оның аумағы 40–20 метр, биіктігі 4,3 метр.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том</ref> Одан 30 мньр шығысқа қарай дөңгелектеу келген, диаметрі 10 м, биіктігі 2,4 метр төбешік орналасқан.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref> Зерттеу барысында ангобты өрнегі бар құмыралар, т.б. қыш ыдыстар жинастырылған. Зерттеулер нәтижесінде қала тұрғындары мұнда б.з. 1–6 ғасырларында өмір сүргені және егіншілікпен айналысқаны анықталды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}