Қалалық экожүйе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қалалық экожүйе (Городская экосистема) — қала аумағы және оның тұрғындары (адам және басқа тірі организмдер). Қалалық экожүйе — бұл гетеротрофты антропогенді экожүйе. В.Мазинг бойынша қалалық экожүйеде үш ерекшелік бар: 1) тәуелділік, яғни, ресурстар мен энергияның тұрақты түсіп түру қажетгілігі; 2) теңсіздік, яғни, экологиялық тепетеңдікке жетудің мүмкін еместігі; 3) қатты заттектің қалалық экожүйеге шеттен әкелінуі оның шетке шығарылуынан артық болуы есебінен оның тұрақты шоғырлануы. Ю.Одумның бейнелеп айтуынша, қала "биосфера паразиті" болып табылады. Өйткені, қала өттектің, судың және т.б. ресурстың көп мөлшерін пайдаланып, тек көмір қышқыл газын шығарып, қоршаған ортаны ластайды. Қалалық экожүйенің биосфераға зардапты ықпалын азайту және қалалық экожүйе ішіндегі адам тіршілігінің жағдайының жақсарту мүмкіндіктерін қалалық экология зерттейді.

Қазіргі кезде қала экожүйесіне түсетін қатты заттардың едәуір бөлігі ғимраттарда және көшелер мен алаңдардың беткі қатты қабаттарында жинақталады. Сонымен қатар тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды сақтайтын полигондардың ауданы ұлғайып келеді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қалалық экожүйе|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}