Қалабаев Найман Бөбейұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

   Қалабаев Найман Бөбейұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік
университетінің ректоры. 1950 жылы Оңтүстік-Қазақстан облысында дүниеге келген. 
   1973 жылы Геодезия, аэрофототүсіру және картография инженерлерінің Мәскеу институтын инженер астроном-геодезист
мамандығы бойынша тамамдаған. 
   1973-1979 - инженер, КСРО Министрлер Кеңесінің Геодезия және картография Бас басқармасының партия экспедициясының
басшысы;  
   1979-1988 - оқытушы, аға оқытушы, ААСИ доценті, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазПТИ; 
   1988-1995 – техникалық ЖОО-дар мен университеттер бөлімінің басшысы, Жоғарғы білім беру Бас басқармасының бастығының
орынбасары, Экономика және қаржы Бас басқармасының бастығы, ҚР БМ Ғылым басқармасының бастығы; 
   1995-1998 – ҚР Министрлер Кабинеті Аппаратының, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің білім беру және ғылым секторының
меңгерушісі, кадрларды даярлау және қайта даярлау секторларының меңгерушісі; 
   1998-2000 – ҚР Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі, қоғамдық-саяси бөлімі. 
   2000-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғарғы аттестаттау комиссиясының
төрағасының орынбасары; 
   2004 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру және ғылым саласын бақылау
және аттестаттау Комитетінің төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. 
   2007 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру және ғылым саласын бақылау
және аттестаттау Комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. 
   2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру және ғылым саласын бақылау 

Комитетінің төрағасы.

  Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 31 желтоқсанда шыққан бұйрығына сәйкес
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры қызметіне тағайындалды. 
   50-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 2 монография, 1 оқулық, 4 өнертапқыштық патент. 2 техникалық 

ғылымдар докторлары мен 4 кандидаттарын дайындаған. Мемлекеттік марапаттары: ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасы (1979) және «Қазақстан Конститутциясына 10-жыл» мерейтойлық медалі



Пайдаланған әдебиетттер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қалабаев Найман Бөбейұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}