Қайырбай Зәкіров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қайырбай Зәкіров 1945жылы 25 ақпанда Қызылорда облысы Арал қаласында туған. Қазақ.

Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесін (1968); Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының көркем-графикалық факультетін бітірген.

Қызылордадағы «Болашақ» университетінің құрметті профессоры (2008 жылдан). қР Көркемөнер академиясының академигі (2006 жылдан). қазақ және орыс тілдерін біледі. «Шалқасынан туған ай» өлеңдер жинағының авторы (2002). График. Жұмыстарында графикалық бейнелеудің симультандық әдісін пайдаланады. Техникалық диапазоны - линогравюралар, офорт, акватинта, литография, кескіндеме. Негізгі жұмыстары: «Құсжолы» (офорт сериясы), «Көкжиек» (линогравюралар сериясы), «Айтматовты оқығанда» (литография). АҚШ, Франция, Марокко, Польша, Португалия, Йемен және асқа елдердегі шетелдік көрмелердің қатысушысы. Жұмыстары Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұржайында, Ресей, Еуропа, Жапония, Йемен. Франция, АҚШ Қазақстандағы жеке коллекциялар мен галереяларда сақталуда. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (1976 жылдан). Баку қаласын зерттеу, көркем жобалау және абаттандыру жұмыстары үшін КСРО Суретшілер одағының дипломы және сыйлығымен (1976), Қазақстан ЛКЖО ОК грамотасымен (1977) марапатталған.

ҚазКСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1988).

Хоббиі - антиквариат жинау. Үйленген. Жұбайы - Ақзия Тошбайқызы (1951 жылы туған), үй шаруасымен айналысады. Қыздары - Ләйла (197 5жылы туған.) Дариға (1985 жылы туған); ұлдары - Нұрғали (1981 жылы туған.), Ерғали (1982 жылы туған.), Аққали (1988жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub