Қайып Қорабайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қайып Қорабайұлы (1857, Сам құмы – 1918, Тәжікстан, Қызылтұмсық әулие) – әнші ақын, күйші, қолөнер шебері. Зерленген кебіс, мәсі, көк сауыр етік тігетін ата-баба өнерін меңгерген 1883 – 85 жылы Мамыртай Есжан ауданында бай қызы Ақбөбекпен көңілі жарасады. Бірақ сүйгеніне қосыла алмай, Қайып басқа жаққа кетпек болады.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref> Аласапыран заманда қырықмылтық Ақыл палуанның қызы Қалиға кезігіп, соған үйленеді. 1900 жылы Маңғыстаудан жұтқа, аштыққа ұшырап Жиделі, Байсын арқылы жылы жаққа шұбырғандармен бірге тәжік жеріне өтеді. Қайып 1918 жылы Қорғантөбеде (Тәжікстан) дүние салып, Қызылтұмсық әулиеге жерленген. Қайыптың Ақбөбекке арнаған арман әндері олардың басынан өткен оқиғаны аңызға айналдырып, әр аймақта әр түрлі айтылып келеді. Қайыптың үш-төрт түрлі әуенмен айтылатын 30-ға тарта өлеңі бар. Негізгісі – «Ақбөбек» әнінің тұрақты әуені. Қайып әндері – арманға жете алмай өткен ғашық жанның асыл сезімі туралы толғаулар, өлмес, өшпес жыры. Бұл әндер Маңғыстауда Қ.Шыртанов, Қ.Домбаев, К.Тасболатов сияқты әншілер мен көркемөнерпаздар репертуарында айтылады. Қайыптың «Ақбөбек» әнінің бір нұсқасы А.В. Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» (1925) жинағына енген, өлеңдері «Қазақ поэзиясының антологиясы» (1992) жинағында жарияланған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}